Елімізде 20 мың жас «Самғау» бағдарламасының игілігін көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 20 мың жас «Самғау» бағдарламасының игілігін көрді

12.05.2022

Қарағанды облысының шалғай ауыл-аймақтарында да қазір бұл жоба сәтті іске асуда. Мәселен өңірде 18 ұйым болса, солардың арасынан алғаш болып Қарқаралы ауданындағы жастар ресурстық орталығында «Самғау» фронт-офисі ашылған. Бұл - оқу-білім іздеген, заманауи ақпарат көздерін пайдаланатын жас толқын өкілдеріне арналған алаң. Мұнда арзан бағаға принтерден қағаз шығару, сондай-ақ тегін интернет, ноутбук пен планшеттерді пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Жастар қолға алған істің аяқалысымен ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдері келіп танысты.

Александр Данилов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары: 
Біз серіктестерімізбен бірге бағдарламаны одан әрі жетілдіре түсеміз. Ол үшін ЮНИСЕФ өкілдерімен шалғай жерлерді аралап, бағдарламаға қатысушылардың жұмысын көріп, сауалдарын тыңдағанды жөн деп шештік. Соның арқасында «Самғауға» енгізуге болатын бірқатар тиімді тетіктерді түртіп алдық. Халықаралық ұйым өкілдеріне де қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу