Елімізде өтетін жалпыхалықтық референдумға 14 облыс пен үш мегаполистің халқы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде өтетін жалпыхалықтық референдумға 14 облыс пен үш мегаполистің халқы қатысады

12.05.2022

Елімізде өтетін жалпы халықтық референдумға 14 облыс пен үш мегаполистің халқы қатысады. Конститутциялық өзгеріс енгізілуі үшін - кемінде 11 өңірдің жұрты жақтап дауыс беруі керек. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді. Бүкіл халықтық дауыс беру – сайлау жүйесімен өтпек. Референдумға кәмелет жасқа толған барлық азамат қатыса алады. Дауыс берудің нақты механизмі 20 мамырдан кейін белгілі болады.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі: 
 Конститутцияға өзгерістер ол біртұтас жоба ретінде шығарылады. Сондықтан егерде кейбір нормалармен келіспеушілік туса да, адам өзі үшін шешім қабылдауы керек. Қазіргі таңда тиісті участкелер белгіленіп жатыр референдум болатын. Сондай-ақ кәмелетке толған, актив дауысы бар халықтың дауысы есептеліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу