Батыс Қазақстанда ауыл мектебі су астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда ауыл мектебі су астында қалды

12.05.2022

Енді еліміздің батысындағы елдімекендер толассыз жауған жауыннан зардап шегуде. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы орта мектептің үшінші қабатында сынып бөлмелерінің төбесінен су аққан. Әсіресе, қосымша ғимаратта орналасқан спорт және акт залдары, асханаға қатты залал келді. 1987 жылы салынған мектеп ғимараты апатты жағдайда тұр. Төрт жыл бұрын жөнделуі тиіс еді. Алайда мердігерлер соттасып, бюджет қаржысы кері қайтарылған. Үш қабатты мектеп пен жанындағы шағын орталықта 201 бала тәрбиеленеді.

Үміт Жанғазиева,  Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:
Тайпақ ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепке күрделі жөндеу жасау үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Және де жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда оқу процесі тоқтаған жоқ. Балаларды Ақжайық агротехникалық колледжіне көшіру ұйымдастырылып жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу