Себебі ол елде қара алтынға деген сұраныс артып келеді. Еліміздің энергетика министрі Болат Ақшолақов Түркиядағы әріптесімен кездескенде бірлесіп жұмыс істеу жолдары талқыланған. Қазір Түркия Қазақстан мұнайын Каспий құбыры консорциумы, Транснефть және теміржол арқылы алып отыр. Енді теңіз арқылы жеткізу жолдары қарастырылып жатыр. Ол үшін еліміз «Баку — Тбилиси — Джейхан» мұнай құбырына қосылуы мүмкін. Қазір осы жоспарды жүзеге асыру тетіктері жан-жақты зерттелуде. Түрік инвесторлары Қазақстандағы мұнай секторын зерттеу жұмыстарына да қызығушылық танытып отыр.
Берік Көшербай