Жамбыл облысында Сенат депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында Сенат депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесті

12.05.2022

Сенат депутаттары өңірлерге жұмыс сапарын бастады. Жамбыл облысына барған Жоғарғы палата өкілі Абдалы Нұралиев алдымен Қордай ауданындағы Сарыбұлақ ауылының тұрғындарымен тілдесті. Ауыл жұрты сенаторға жайылым жердің жоқтығын көтеріп, мал саны артқан сайын оны бағудың да қиындағанын айтты.

Бұдан бөлек ауылдағы жаңадан салынған спорт кешенінің құрылысымен танысып, Арал, Жамбыл және Степной ауылында құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың жұмысын көрді. Мұнан өзге, кездесуге келген тұрғындарға Ата заңға өзгеріс енгізілетін референдум жайлы да кеңінен тоқталып, оған қолдау беру қажеттігін де атап өтті.


Хабарламаларға жазылу