Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді

12.05.2022

Шалқар ауданының полицейлеріне Бершүгір аулының 37 жастағы тұрғынының бірнеше атыс қаруын сақтап отырғаны жөнінде ақпарат түскен. Тексеру барысында он екінші колибрлі Сайга автоматы, шолақ мылтық,белгісіз маркалы пневматикалық винтовка, 56 дана оқ, көздеу құрылғысы мен аңшы пышағы табылды. Қару иесінде арнайы рұқсат қағаздары болмаған. Қазір оған қатысты заңсыз қару сақтағаны үшін тергеу жүріп жатыр. Тәркіленген барлық қару-жарақ сараптамаға жіберілді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу