Полиция басқармасының кезекші бөліміне Байқоңыр ауданындағы екі тұрғыннан қоңырау келіп түскен. Олардың айтуынша түнде белгісіз біреулер үйдің ауласында тұрған Lexus көлігінің барлық дөңгелегін шешіп алып кеткен.
Сондай-ақ, ұрылар жақын маңдағы Audi автокөлігінің салонына түсіп, бағалы заттарды қолды қылған. Қазір көлік тонады деген күдікке іліккен 19 және 24 жастағы екі азамат ұсталды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сәбит Әлдебай