Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің қызметкері жансақтау бөліміне түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің қызметкері жансақтау бөліміне түсті

12.05.2022

Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің қызметкері жансақтау бөліміне түсті. Оны өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкері ұрған. Соққыдан зардап шеккен жанды қаладағы № 1 клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізген. Қазір науқас аса ауыр жағдайда жатыр. Оқиға бейне камераға түсіп қалған. Екеуара төбелесте таяқ жеген ер адам баспалдақтан құлаған. Күдікті уақытша тергеу изоляторына жабылып, сот алды тергеу басталды. Ол қылмыстық кодекстің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша тергелуде.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу