Бақыт Нұрмұханов: Халықтың өз билігін жүзеге асыруының ең жоғарғы формасы ол - референдум - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақыт Нұрмұханов: Халықтың өз билігін жүзеге асыруының ең жоғарғы формасы ол - референдум

11.05.2022

Конститутциялық реформа – Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадам. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы сарапшылар клубында осы тақырып көтерілді. Талқылау барысында ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың қоғам үшін маңызы айтылды. Саяси реформалар - халық пен билік арасын жақындата түседі. Әр азаматтың құқы қорғалады, хақы артады. Халықтың пікірі ескеріледі. Сондықтан жалпыхалықтық референдумға ат салысу керек. Сарапшылар осылай деп пікір білдірді.

Бақыт Нұрмұханов, Конститутциялық кеңестің аппарат басшысы:
Заң жобасында қарастырылған түзетулер, жалпы мемлекеттік, қоғамдық құндылықтарды қайта форматтауға бағыттап, екінші республиканың саяси-құқықтық негізін қалайтын болады. Конституция бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ол - халық. Халықтың өз билігін жүзеге асыруының ең жоғарғы формасы ол -  референдум. 


Хабарламаларға жазылу