Қырғызстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетіледі

11.05.2022

Қырғызстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетіледі. Бүгін Мәжіліс осыған қатысты заң жобасын мақұлдады. Әскери мүлік кеңес заманынан қалған. Оқ-дәрі күйінде беріледі. Бұл тарту еліміздің қарулы күштеріндегі қамтылу нормативінен артық болғандықтан жасалып отыр.

Айта кету керек, бұған дейін Тәжікстанға 2 млрд 600 млн теңгеден аса көмек көрсетілген. Жалпы, әскери-техникалар бір ғана талаппен беріледі. Үшінші тарапқа өткізуге болмайды. Ол ұжымдық қауіпсіздік ұйымымен бақыланады. Егер келісім бұзылса, тиісті шара қабылданады. Осылай Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін нығайтуды көздеп отыр.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу