«Алтын белгі» төсбелгісін алу талабы күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын белгі» төсбелгісін алу талабы күшейтілді

11.05.2022

Оқушылардың жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жайында білім және ғылым министрі айтты. Мұндай шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданған. Келесі жылдан бастап 9 сыныптан 11 сыныпқа дейін «үздік» баға алған оқушылар ғана «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады.

Сондай-ақ талапкерлер Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Еске салайық, былтыр елде «Алтын белгі» алғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Асхат Аймағамбетов олардың кейбірін тексергенде ҰБТ нәтижесі төмен болғанын айтты.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу