Әлібек Қалбайдың өліміне қатысы бар деген күдікпен сарбаз қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлібек Қалбайдың өліміне қатысы бар деген күдікпен сарбаз қамауға алынды

08.05.2022

Маңғыстау облысындағы әскери госпитальде қайтыс болған Әлібек Қалбайдың өліміне қатысы бар деген күдікпен сарбаз қамауға алынды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлімдеді. Сот-медициналық экспертиза «Әлібек Қалбай зорлықпен өлтірілген» деген қорытындыға келген. Ал өткен аптада ғана Ішкі істер министрлігінің өкілдері оның денесінен жарақаттар анықталмағанын айтқан еді. Еске салайық, сәуірдің 22-і күні әскерге келгеніне 4-ақ күн болған жамбылдық өрімдей жас жігіт сап түзеп тұрған кезде есінен танып қалған. Кейін әскери госпитальде көз жұмған. Халық қабырғасын қайыстырған бұл оқиғаға қатысты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдап, былай деген: «Біздің қарулы күштерде екі проблема қатардағы жауынгерлердің зәбір көруі, әскердің ел алдында беделінің төмендеуі байқалуда. Бұл мемлекетті қорғау саласындағы жүйелі проблема, азаматтар, әскер өкілдері бұл мәселені бірігіп шешуі қажет. Яғни, еліміздегі әскери-патриоттық тәрбиені қайта қарау өте маңызды!» 

Хабарламаларға жазылу