Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

07.05.2022

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейтінін еске салды.

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Отан қорғау - қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшейтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сардарлар мен сарбаздарға ризашылығымды білдіремін,- деді Президент.


Хабарламаларға жазылу