5 маусымда өтетін республикалық референдумға кез келген азамат қатыса алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 маусымда өтетін республикалық референдумға кез келген азамат қатыса алады

07.05.2022

Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жасады. Үндеу мазмұнына сәйкес 5 маусымда өтетін республикалық референдумға кәмелет жасына толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. Жергілікті атқарушы органдар дауыс берушінің тұрғылықты жері мен тұрақты тіркелуі негізінде алдын-ала тізім жасайды. 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде аталған тізімдегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Егер өзгерістер енгізу қажет болса немесе тізімде аты-жөніңіз болмаған жағдайда учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз. Комиссия мүшелері ел тұрғындарын азаматтық жауапкершілік танытып, республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырады.

Хабарламаларға жазылу