Батырлар ерлігі жайлы 50-ге тарта құжат музейге өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батырлар ерлігі жайлы 50-ге тарта құжат музейге өткізілді

07.05.2022

Батырларға тағзым. Бүгін Елорда Әскери-тарихи музейге Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстагқа жеңіс туын тіккені туралы ерлігін растайтын құжаттарды салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Осыған дейін 1945 жылдың 30 сәуіріндегі тарихи ерлік баяндалған құжаттар Ресей Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында ғана сақталған. 3 ай көлемінде мамандар барлық мәліметті жинап, бір жинақ шығарды. Биыл олардың 2 дана көшірмесі Қазақстанға алғаш өткізілді. Оның біреуі музей ғимаратында қойылып, тұрғындар назарына ұсынылады.

Ақмарал Баталова, құжаттанушы:
Экземплярын Рахымжан Қошқарбаевтың әулетіне бердім. Қызы мен немересіне табыстадым.
Нұртаза Асилов, ҚР Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи музейінің бастығы:
Ресейдің орталық архивінен бізге 50-ден астам құжат өткізіп жатыр. Ту тіккен және одан басқа наградтары, архивтік фотолары туралы құжаттар. Бұл біздің еліміздің маңызды тарихи бөлігі.


Хабарламаларға жазылу