Референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды

06.05.2022

Референдумды қоғамдық қолдау штабы да құрылды. Оған үкіметтік емес ұйымдардың, ардагерлер қауымдастығының, саяси партиялардың белсенді өкілдері кіреді. Бүгін штабтың алғашқы отырысы өтіп, қатысушылар конституциялық түзетулерге және Президенттің бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Штаб мүшелері 5 мамырға дейін ауыл-аймақты аралап, ел тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Айтуларынша, конституциялық өзгеріске әрбір қазақстандықтың үн қосуға құқы бар. Еліміз бойынша 3 мыңнан астам мемлекеттік емес ұйым штаб жұмысын қолдады.

Назгүл Мақажан, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:

Әрқайсысымызға байланысты, ары қарай біздің еліміз қандай жолмен дамып, қандай жолға түсіп, қандай нәтижеге жетуіміз әр қазақстандыққа байланысты деп ойлаймын.

Алла Гаврина


Хабарламаларға жазылу