Украина әскері Харковь пен Изюм қалалары түбінде Ресей армиясына қарсы қарымта шабуылға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина әскері Харковь пен Изюм қалалары түбінде Ресей армиясына қарсы қарымта шабуылға көшті

06.05.2022

Украина әскері Харковь пен Изюм қалалары түбінде Ресей армиясына қарсы қарымта шабуылға көшті. Мұны осы елдің қарулы күштерінің қолбасшысы бүгін хабарлады. Ресей қазір Донбасстағы Луганск және Донецк облыстарымен бірге Украинаның оңтүстігін де алуға әрекеттеніп жатыр. Алайда, батыс барлаушыларының дерегінше, Ресей әскері бұл аймақтарда да тұралай бастаған.

Ал, Мариупольдегі жағдайға тоқталсақ, басым бөлігі қираған қаладан Біріккен Ұлттар Ұйымының құтқару операциясы аясында 500-ге жуық адам көшірілді. Тараптар эвакуацияны бүгін де жалғастыруға тырысып жатыр.

Ресей президенті Владимир Путин болса, «Азовсталь» зауытына бекінген 2 мыңдай украиналық жауынгерге қаруын тастап, берілуге шақырды. Алайда, «Азов» полкі соңына дейін шайқсатынын ескерткен.

Украинаға қуатты 7 гаубица жөнелтіледі

Ал, Берлин Украинаға жеті гаубица жөнелтпек. Мұны Германия қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт мәлімдеді. Оның сөзінше, украина жауынгерлерін 40 шақырым жердегі нысанға соққы бере алатын бұл артиллериялық қаруды қолдануға үйрету жұмыстары келесі аптада басталады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу