Елде инфляция тағы өсті. Өткен айда 1,2 пайызға көтеріліп, жылдық көрсеткіші 13,2 процентке жетіп отыр. Ұлттық банк төрағасы инфляциялық қысымға қымбатшылық әсер етті деп есептейді. Мәселен сәуірде азық-түлік 17,9, өзге тауарлар 11,1 пайызға қымбаттаған. Ал ақылы қызметтердің құны шамамен 9 пайызға жуық көтерілді. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша қымбатшылыққа гесосаяси ахуал себеп. Әрі соның кесірінен ел экономикасының даму болжамы 2%-ке дейін төмендетіліп отыр.
Ақерке Бектас