Семейлік қыз Голливудты бағындырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік қыз Голливудты бағындырды

29.07.2014
Семейлік қыз Голливудты бағындырды

Семейлік 14 жастағы Ванесса Безродная Голливудтағы әлемдік өнер сайысында үздіктердің қатарынан көрінді. Лос-Анжелесте өткен сайысқа әлемнің 42 мемлекетінен ең мықтылар қатысқан.

Талантты отандасымыз  поп және рок-вокалы, сондай-ақ, модель бизнесі сынды аталымдары бойынша 3 алтын 1 күміс медаль иеленіп, ақтық сынға шыққан. Лос-Анжелесте биыл 18-ші  жыл қатарынан өткізіліп отырған өнер чемпионатында еліміздің әншілері әлі жүлде алып көрмеген.

Семейлік Ванесса Безродная 7 және 40 жас аралығындағы бес мыңға тарта әншінің ішінде іріктеуден сүрінбей өтті. Америка көрермендерін баураған  күміскөмей әншіге шетелдік продюссерлерден өте көп ұсыныс түскен көрінеді.

Ванесса Безродная, әлемдік өнер чемпионатының финалисі:

Мен сахнада «Мұны неге білмейсің» атты қазақ тіліндегі әнді де шырқадым. Ол үшін мен алтын медаль алдым. Америка көрермендері қазақ тілін түсінбесе  де, әнімді кереметтей жылы қабылдап, қошемет көрсетті.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу