Шығыстағы омарташылар өндірістік кооперативке бірігіп жатыр. Бұл шаруашылықты кеңейтіп, өнім көлемі балдың сапасын арттыруға септігін тигізбек. Бірлескен кәсіпкерлер озық үлгідегі сұрыптау және өңдеу желілерін сатып алған. Кейбір ірі омарташылар дайындаған бал отандық нарықта айтарлықтай сұранысқа ие. Биыл олар 120 тоннадан астам бал экспорттауды жоспарлап отыр. Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттен бұл салаға нақты бағдарлама жасалып, қолдау көрсетілсе экспорт көлемін арттыруға болады. Бұл ішкі нарықты арзан балмен қамтуға мүмкіндік береді. Ол үшін осы саладағы кәсіпкерлер бірігіп еңбектенгенде ғана жетістікке жетпек.
Алексей Қасымбаев, омарташы:
Біраз жыл бұрын ғана құрылған шағын шаруашылықтар қазір үлкейіп, өндірістік деңгейге жетіп жатыр. Бұл яғни омартаның өнімділігі артты деген сөз. Соған сәйкес технологиялық мүмкіндіктері де жақсарды. Бұрын қолмен істелген жұмысты қазір автоматты құрылғылар алмастырды. Бұл бірге әрекет еткеннің нәтижесі.