Республикалық референдумның жоспары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық референдумның жоспары белгілі болды

06.05.2022

5 маусым өтетін Республикалық Референдумның жоспары бекіді. Ауқымды шара 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық Референдум туралы» Конститутциялық заң тәртібіне сай ұйымдастырылады. Дайындық пен өткізу шарасына Орталық сайлау комиссиясы жауапты. Сонымен жоспарға сай 15 мамырға дейін комиссиялар мен сайлау учаскелері құрамының тізімдері жарияланады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдерін әкімдер15 мамырға дейін кешіктірмей берілуі тиіс. Ал 16-25 мамыр аралығында комиссия дауыс беру орны, уақыты мен күнін хабарлайды. Референдумға дейін үгіт-насихат жүргізуге де рұқсат етіледі. Ол референдум туралы жарлық енгізілген сәттен басталып, 4 маусымда яғни тыныштық күні аяқталады. Референдум 5 маусымда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылып, қаулымен бекітіледі. Комиссияның қорытынды туралы есебі дауыс беруден кейін 7 күн ішінде жариялануы тиіс. 

Хабарламаларға жазылу