«Қалбатау-Майқапшағай» автокөлік жолын салуға бөлінген қаржыға аудиттік тексеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қалбатау-Майқапшағай» автокөлік жолын салуға бөлінген қаржыға аудиттік тексеру басталды

06.05.2022

Шығыстағы «Қалбатау-Майқапшағай» автокөлік жолын салуға бөлінген қаржыға аудиттік тексеру басталды. Халықаралық дәліздің бір бөлігін салуға 2006 жылдан бері 155 миллирад теңге бөлінген. Биыл күзде пайдалануға берілуі тиіс болатын. Алайда жол құрылысының бітетін түрі жоқ. Сондықтан мәселеге Сенат депудаттары араласып, Үкіметке депудаттық сауал жолдаған. Осыдан соң Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жолға бөлінген қаржатқа қатысты тексеру басталғанын мәлімдеді. 415 шақырымдық жолға Қытай мемлекеті 29 пайызбен ұзақ жылға несие берген. Жолды да сол елдің бір компаниясы салуға міндетті болған.

Хабарламаларға жазылу