Шығыстағы Марақакөл ауылдық амбулаториясында маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы Марақакөл ауылдық амбулаториясында маман тапшы

05.05.2022

Шығыстағы Марақакөл ауылдық амбулаториясында маман тапшы. Осының кесірінен науқастар сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алмай келеді. Жедел жәрдем мәселесі де талай жылдан бері шешілмей келеді. Тіпті жүкті әйелдер 400 шақырымға жуық Өскемен қаласына барып босануға мәжбүр. 

Марқакөл бұрын аудан орталығы болғанда 30 мың тұрғын болса қазір 7 мыңға жуықтайды.Халыққа қажет негізгі әлеуметтік мекемелер жұмыс істеп тұр. Бірақ, басы аурып, балтыры сыздаған тұрғындарға оңай болмай тұр. Себебі, жедел жәрдем жедел болмай тұр.

Абзалбек Мұхаммеджанова, Марқакөл ауылының тұрғыны:
Үйден біреу аяқ астынан аурып жедел көмек керек болса, Өскеменге,облыс орталығына шығыңыз дейді. Содан телефонды береді. Соған шығасыз. Одан мыналарға айналып келіп түскенше қиын жағдай жатқанмадам болса кетіп қалуы да мүмкін.

Соңғы 5 жылда жедел жәрдем бір орталыққа біріктірілген. Барлық қоңырау бір жерден басқарылады. Алайда, ұялы байланыс пен интернет нашар ауылдар үшін медициналық көмек алу мұңға айналған. Жедел жәрдемге сенбеген жұрт өз күштерімен жетеді. Аурахана жеткенмен қажетті дәрігердің болмай қалуы да ғажап емес.

Қарлығаш Мұқанова, Марқакөл ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы:
Бұл жерге кордиолог керек. Ең бірінші хирург керек. Ол хирург келді. Келемеді емес. Бірақ та, тұратын жайлы орын болмады. 40.57.46 -Келген жастар сол жағдайға байланысты бір жыл істеген соң алды-артын байқанан соң кетіп қалады.

Қазір ауылдық амбулаторияда 70 маман жұмыс істейді. Перзентхана бөлімі де бар. Бірақ соңғы үлгідегі медициналық құрылғылар босқа тұр. Кілтін білетін маман жоқ.

Гүлнәр Тәменова, Марқакөл ауылдық амбулаториясының меңгерушісі:
Былтыр жетоқсан айынан бастап бірнеше жаңа аппаратура әкелінді. Оның бәрін жаңа көрдіңіздер. Бәрі жаңа. Қосылған жоқ іске., жұмысқа. Өйткені бұл жерде ешкім босанған жоқ.

Бұл жерде босанбайтын себебі хирируг пен анестезиолог болмағандықтан жүкті аналар қорқады. Аудандық аурухананың бас дәрігері Марақакөлге жас дәрігерді шақырып әкелгенімізбен, тәжірибесіз тағы болмайды дейді. Бірақ оған қармастан мамандарды іздеп жатыр.

Ернар Есімханов,Күршім аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Бұл мәселені шешу үшін Семей мемлектетік медицианлық университетіне бас дәрігер барады. Маман шақыруға . Жұмыс істеуге тартады. Келетін мамандар болса оларға үй беру жағынан. Көтермеақы беруге барлық жағдайлар жасалады.

Марқакөлден соңғы жылдары үдіре көшкен ел жоқ. Білім беру саласына жас мамандар көптеп келіп жатыр. Енді медицина саласын мықтап қолға алса екен деп тілейді жергілікті жұрт.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу