Интернет алаяқтық соңғы 5 жылда 10 есе көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернет алаяқтық соңғы 5 жылда 10 есе көбейген

05.05.2022

Интернет алаяқтық соңғы 5 жылда 10 есе көбейген. Бас прокуратураның хабарлауынша 2017-де екі мың дерек тіркелсе, былтыр 21 мың қылмыс анықталды. Алаяқтар әсіресе онлайн сауда алаңдарында оңай олжа іздейді. Әрі өзгенің атынан несие рәсімдеп, банк картоячкасынан ақша ұрлайды. Бұның алдын алу үшін онлайн қарыз алу тәртібі қатаңдатылмақ. Яғни несие рәсімдеу үшін биометриялық мәлімет пен электронды цифрлы қолтаңба қажет болады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу