Елімізде қант жетіспеушілігінің кесірінен 15 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қант жетіспеушілігінің кесірінен 15 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

05.05.2022

Елімізде қант жетіспеушілігінің кесірінен 15 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Тәтті сусын өндірушілер қауымдастығының өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Ресейден шекер экспорты тоқтағалы, өзіміздің өнім жетпей қалған. Яғни біздегі қант өндірушілер тәтті сусын шығарытын зауыттардың сұранысын толық қамти алмай отыр. Оның үстіне қанттың бағасы соңғы бірнеше аптада тағы 60 теңгеге қымбаттаған. Әрі кейбір сусындарды өндіру үшін «экстра» санатындағы шекер қажет. Ал ондай өнім бізде жоқ. Сол үшін кәсіпорындардың шығына артқан.

Әлия Мамытбаева, Алкогольсіз сусын өндірушілер қауымдастығының президенті:

Қант мәселесін шешуде мемлекеттік органдар өте баяу қимылдап жатыр. Қазір бізде сусынды көптеп өндіретін маусым басталды. Яғни жаз кезінде сұраныс көп. Бірақ қанттың жетіспеушілігінен өндіріс көлемін арттыру мүмкін емес. Бұлай жалғасса, кәсіпорындар тоқтап, 15 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу