Алматыда газ бағасын өсірген ірі компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда газ бағасын өсірген ірі компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

05.05.2022

Алматы прокуратурасы оңтүстік өңірде сұйытылған мұнай газын сатқан ірі компанияның үстінен қылмыстық іс қозғады. Құзырлы орган өкілдері «Petrosun» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты тексеріс жүргізіп, автогаз бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтаған. Қорытындысы бойынша мемлекет бюджетіне 2,2 млрд теңге өндірілді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Бауыржан Төлендиев, қалалық прокуратураның ресми өкілі:

Аталған факті бойынша прокуратура Қылмыстық Кодекстің 221-бабының 2-бөлігі, яғни монополистік қызметті теріс пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер қазіргі уақытта жария етуге жатпайды.


Хабарламаларға жазылу