Солтүстік Қазақстанда «Сібір жарасының» 161 ошағы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда «Сібір жарасының» 161 ошағы анықталды

05.05.2022

Солтүстік Қазақстанда «Сібір жарасының» 161 ошағы анықталды. Мамандардың мәліметінше, соңғы үш жылда індеттің таралу аумағы кеңейген. Дегенмен, әзірге эпидахуал тұрақты. Қауіпті кеселдің қоздырғыштары топырақта ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін. Былтыр теріскейде бір адам қара малдан күйдіргі ауруын жұқтырып, емделіп шыққан еді. Жалпы ел аумағында сібір жарасының 2 623 ошағы бар. Жыл басынан екі адамнан күйдіргі анықталып, біреуі көз жұмды.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу