Ресейдің Калининград қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Калининград қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

05.05.2022

Бұған дейін өңірге қарасты қызметтер Санк-Петербургтағы бас консулдық арқылы көрсетіліп келген. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Калининград облысына сапары барысында аймақ губернаторы Антон Әлихановпен келіссөз өткізді. Пандемияға қарамастан Қазақстанмен соңғы жылы екіжақты сауда айналымы ұлғайған. Мысалы, 2020 жылы оның көлемі 54,9 миллион долларды құраса, былтыр 66 миллион долларға жеткен. 

Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі:
Құрметті консулдық еліміздің экономикалық, гуманитарлық және мәдени мүдделері тоғысқан жерде ашылды. Осы тұрғыдан жаңа консулдық азаматтарымызға қолдау көрсетеді деген сенімдеміз. Сонымен қатар Калининград облысымен ауыл шаруашылығы, көлік және туризм саласында ынтымақтастық әлеуеті жоғары, ілкімді жобаларды жүзеге асыруымыз керек.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу