АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме 50 пунктке көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме 50 пунктке көтерілді

05.05.2022

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені бірден 50 базалық пунктке көтеріп, 1 пайызға жеткізді. Сондағы мақсат – шарықтап бара жатқан инфляцияны бақылауға алу.

Айта кетсек Америка орталық банкі несиелік үстемені 2000 жылдан бері алғаш рет мұнша дәрежеге жоғарылатып отыр. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, пайыздық ставканың бұлай өсуі дамушы мемлекеттердің шетелден қарыз алу мүмкіндіктерін шектеп, долларды қымбаттатады. Сондай-ақ ұлттық валюталарды әлсіретіп, экономикалық дамуын тежейді. Тіпті жұмыссыздық проблемасын ушықтыруы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу