Ресей армиясы Украинаның Мариуполь қаласындағы «Азовстальға» басып кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей армиясы Украинаның Мариуполь қаласындағы «Азовстальға» басып кірді

05.05.2022

Ресей қарулы күштері Украинаның Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытын штурммен алу операциясын бастады.

Соңғы мәліметке қарағанда, олар өнеркәсіп кешеніне басып кірген. Зауытта қазір шамамен 2 мыңдай украиналық жауынгер мен 200-дей бейбіт тұрғын бар. 11 шаршы шақырым аумақты алып жатқан «Азовсталь» - Мариупольде ресейліктердің қолына өтпеген жалғыз ғана нысан. «Азов» полкінің командирі Денис Прокопенко «Телеграмм» каналы арқылы мәлімдеме жасап, зауытта «екі күннен бері қанды шайқас» жүріп жатқанын хабарлады. «Мен жауды ауыздықтау үшін асқан күш-жігер жұмсап жатқан жауынгерлерімді мақтан тұтамын... жағдай өте қиын», - дейді Прокопенко. Ал, президент Владимир Зеленский Біріккен Ұлттар Ұйымына үндеу жолдап, «Азовстальдан» шыға алмай жатқан әр адамның өмірін сақтап қалуға көмектесуді сұрады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу