Альфа-Банкті сатып алуға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Альфа-Банкті сатып алуға рұқсат берілді

04.05.2022

Жоғарыда айтқан елдегі ресейлік банктерді сатып алу басталды. ЦентрКредит банкіне Альфа-Банкті сатып алуға рұқсат берілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктің 100% акциясын алып, кейін бірігу туралы ЦентрКредиттің ұсыныс қолдады. Қазір бұл банктің 147 млрд теңге капиталы, 674 млрд теңге активі бар. Олар енді санкцияға іліккен банкті қосып алуға қатысты 5 жылға жоспар құрған. Еске салайық, АҚШ 6 сәуірде ресейлік Альфа-Банктің жұмысына шектеу енгізген еді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу