Бүгін Мемлекет басшысы Nazarbayev университетіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және білім мекемесін одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Сонымен қатар денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы әртүрлі білім беру жобалары және бағдарламаларымен танысты. Университет осы арқылы Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді. Бүгінде еліміздің жетекші оқу ордасы шетелдік университеттермен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Медицина және инновациялық кластерде жаңалықтары көп. Университет түлектерінің стартап жобалары да өз жемісін беріп келеді. Оқу орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесіп, құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.