Биылдан бастап талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға мүмкіндік берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылдан бастап талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға мүмкіндік берілмек

04.05.2022

Биылдан бастап талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға мүмкіндік берілмек. 16-шы мамырдан басталатын сынақ 5-ші шілдеге дейін жалғасады. Қазірдің өзінде құжат қабылдау басталғалы 130 мың бала сынақ тапсыруға тіркелген.

Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:

Биыл бізде екі рет Ұлттық бірыңғай тестілеуге мүмкіндік берілді. Бірақ осы екі ретте әрбір талапкер пәндерді ауыстыруға болмайды. Демек, егер бірінші мүмкіндігінде ол физика, математика тапсыратын болса, демек екінші мүмкіндігі де тура осы физика, математиканы тапсыруға міндетті. Осы пәндерді ауыстыруға болмайды.

Сондай-ақ, ҰБТ-ның алдында талапкерлерге тегін онлайн сынақтан өтуге болады. Бұл, әсіресе, ауылдық жердегі балаларға жақсы мүмкіндік. Себебі, үйден шықпай-ақ, өзінің жеке сәйкестендіру нөмерін енгізу арқылы платформаға өтіп, тестке қаншалықты дайын екенін көреді. Онлайн сынақтардың іске қосылғанына, үш-ақ апта болды. Осы уақыт аралығында оған қызығушылық танытқан талапкерлердің қатары көп.

Ламбриан


Хабарламаларға жазылу