Павлодар облысы әкімдігі екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беретін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы әкімдігі екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беретін болды

04.05.2022

Павлодар облысы әкімдігі екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беретін болды. Майдангерлермен кездескен өңір басшысы бұл жаңалықты өзі жеткізді.

Қайыр Хасенов 1943-ші жылы соғысқа алынған. Ол кезде жасы 18-ге толмапты. Майдан жолын Украинадан бастап Берлинде аяқтаған. Одан кейін Маньчжуряны азат етуге қатысты. Бейбіт өмірде мұғалім және атқарушы органдарда қызмет атқарды. Қазір Ертіс-Баян өңірінде көзі тірі 18 ардагер қалды. Олардың алды 103 жасқа келсе, ең кішісі 94-те. Аймақ басшысы майдангерлердің үйіне арнайы барып, құттықтайтынын айтты.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу