Мемлекет басшысының жарлығымен елімізде жаңа 3 облыс құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының жарлығымен елімізде жаңа 3 облыс құрылды

04.05.2022

Мемлекет басшысының жарлығымен елімізде жаңа 3 облыс құрылды. Бүгін Президент құжатқа қол қойды. Шығыс Қазақстаннан еншісін алып шыққан Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала кіреді. Әкімшілік орталығы Семей қаласы болады. Ал Талдықорған Жетісу облысының орталығы болды. Алматы аймағының әкімшілігі Қонаев қаласына қоныс аударады. Жер аумағы бойынша еліміздің ең үлкен облысы болған Қарағанды облысы да екіге бөлінді. Жаңадан құрылған Ұлытау өңіріне Жаңаарқа, Ұлытау аудандары және Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары кіреді. Президент үкімет пен құзырлы мекемелерге бір ай ішінде жол картасын әзірлеуді тапсырды. Жарлық 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.  

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу