Ақмола облысындағы 30 елді мекенде мал ауруы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы 30 елді мекенде мал ауруы тіркелді

04.05.2022

Ақмола облысындағы 30 елдімекенде 1 жарым мыңнан астам ірі қара ауру жұқтырды. Малдың тілі уылып, жем-шөп жей алмай қалады. Ресми тіркелген дерек бойынша 5 бұзау өлген. Алайда, жақында әлеуметтік желіде Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылының қоқыс төгетін орнында мал өлікселері жатқан бейне тараған еді. Оны тұрғындар қыста өздері шығарып тастаған өлекселер болу керек, дейді мамандар. Мал ауруының ең көп тіркелгені де осы ауылдық округ. Сондай-ақ, 200-ден астам қойға ауру жұққан. Сынама нәтижесі әлі белгісіз. Мал дәрігерлері бұл былтыр облыста тіркелген аусыл ауруы деп отыр.

Мамандардың айтуынша, министрліктен ақпан айында берілуі тиіс екпе кешігіп жатыр. Вакцина бір аптадан кейін келеді деп күтілуде. Жеткізілсе, екпе бірден екпе салынады. Ал әзірге жергілікті ветеринарлар  қолдарында бар дәрі-дәрмекпен амалдап жатыр. 

Талғат Жүнісов, Ақмола облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:

Материалды апарғанмен оған олардың диагностикумы жоқ. Не анасы жоқ, не мынасы жоқ. Негізі бізге қажетті негізгі сараптамамызды бере алмай отыр. Бірақ енді былтырғы жылға қарағанда біздің пайымымыз бойынша сол ауру. Вакциналар осы уақытқа шейін берілген жоқ. Күннен-күнге осы ауырған малдардың саны артуда. Бірақ енді біздің мал дәрігерлердің күшімен ауырған малдар емделіп шығып жатыр.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу