Маңғыстау облысында бірінші сынып оқушысын бетінен ұрып, қатаң сөгіс алған мұғалімнің ісі қайта қаралатын болды. Оқиға 12 сәуірде Ақшұқыр ауылдық мектеп гимназиясында тіркелген. Педогог үзіліс кезінде, дәлізде оқушының бетінен шапалақпен ұрған. Зардап шеккен қыздың ата-анасы агрессия көрсеткен мұғалімге қатаң жаза беруді талап етіп отыр. Өйткені осы оқиғадан кейін педогог өз еркімен жұмыстан кетіп, мектеп директоры «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Бірақ енді мәселе қайта қаралады. Себебі, баланың ата-анасы жұмыстан кеткен мұғалімді педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыруды және бұдан былай балаларды оқытуға рұқсат бермеуді талап етуде.