Ішкі нарыққа мұнай жеткізу тәсілі өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі нарыққа мұнай жеткізу тәсілі өзгеруі мүмкін

04.05.2022

Ішкі нарыққа мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізу схемалары өзгеруі мүмкін. Премьер-Министр Әлихан Смайылов жанар-жағармай материалдарын өндіру және бөлу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнайға қатысты қайта қарауды көздейтін заңнамалық өзгерістер енгізуді ұсынды. Түзетулер мұнайды тікелей жер қойнауын пайдаланушылардан алу, олардың еншілес маркетингтік құрылымдарының өңдеуі, сондай-ақ мұнайды Мұнай өңдеу зауытынан сатып алуға қатысты. Сондай-ақ бұл саладағы өнімсіз делдалдарды шеттету ұсынылды. Жиында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Мәселен, отын көлемінің мақсатты бөлінуін бақылау үшін деректер базасын құру және отын бөлудің электрондық-ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр. 

Хабарламаларға жазылу