Қаңтар оқиғасы кезінде «Көктөбе» телемұнарасын басып алмақ болған азамат ұсталды. Ол стратегиялық нысан арқылы телеарналарға бақылау орнатып, халықты көшеге шығуға үгіттемек болған. Жалпы қазір қаңтар оқиғасы бойынша 288 қылмыстық істің тергеу жұмыстары аяқталып, сотқа жолданды. Олардың басым көпшілігі Алматы қаласында. Осы істердің негізі бойынша 275 адам сотталған. Оның ішінде 22 адам бас бостандығынан айырылды. Қалғандары қоғамдық жұмыс, айыппұл сынды жазаға тартылды. Ал Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған бір азаматқа террористік акт жасады деген айып тағылды. Ол камаз көлігін күшпен иемденіп алып, жүк көлігін әскерилердің қоршауына бағыттап, секіріп кеткен. Соның салдарынан 20 жастағы сарбаз қайтыс болды.
Елдос Қилымжанов, Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары:
Жалпы ел бойынша қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 721 адам күдікті деп танылды. Оның ішінде 281 адам қамауда отыр. Алматы қаласында 82, Шығыс Қазақстан облысында 35, Жамбыл облысында
Ал Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті басшысының сөзінше сотқа жолданған істер бойынша азаматтарға 100 млн теңгенің шығыны қайтарылған. Жалпы құны 340 млн теңге болатын ұрланған мүлік тәркіленді. Мәселен 6-қаңтар күні Алматы қаласында 27 ұялы телефонды ұрлаған 4 азамат ұсталды. Сондай ақ қолды болған қару-жарақты анықтау жұмыстары да жалғасып жатыр. Бүгінде мың жарымға жуық қару табылды.
Елдос Қилымжанов, Бас прокура тураның бірінші қызмет бастығының орынбасары:
Жалпы ел бойынша қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 721 адам күдікті деп танылды. Оның ішінде 281 адам қамауда отыр.
Ал Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті басшысының сөзінше сотқа жолданған істер бойынша азаматтарға 100 млн теңгенің шығыны қайтарылған. Жалпы құны 340 млн теңге болатын ұрланған мүлік тәркіленді. Мәселен 6-қаңтар күні Алматы қаласында 27 ұялы телефонды ұрлаған 4 азамат ұсталды. Сондай ақ қолды болған қару-жарақты анықтау жұмыстары да жалғасып жатыр. Бүгінде мың жарымға жуық қару табылды.
Шерхан Жамбылұлы