«Balapan»-ның мектебі: балаларға жаңа мүмкіндік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan»-ның мектебі: балаларға жаңа мүмкіндік

03.05.2022

Бейнелеу өнеріне бейімі бар балаларға жаңа мүмкіндік. «Balapan» телеарнасында «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған онлайн анимация мектебі» жұмысын бастады. Биыл онлайн мектепке 14 пен 16 жастағы 20 бала қабылданады. Былтыр 30 оқушы білім алып, алты ай бойы анимацияның қыр-сырына қаныққан. Биыл оқушылар мен мультфильм жасауды үйренгісі келетін кез-келген көрерменге тең мүмкіндік жасау үшін, дәрістер жабдықталған студияда, сапалы дыбыспен жазылады. Үздік аниматор мұғалімдері сабақ береді. Оқуға қажет арнайы планшеттер мен өзге де техникалық құралдармен «Balapan» телеарнасы қамтамасыз етеді. Онлайн мектепте оқу үшін балалар, өзі туралы аудио немесе видео форматта таныстыру жіберуі қажет. Өтінімді baiqau-balapan.tv электронды поштасына жолдауға болады.  

Хабарламаларға жазылу