Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Жазықбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Жазықбаевты қабылдады

03.05.2022

Президент сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты да қабылдады. Мемлекет басшысына 2022-2023 жылдары «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жаңғырту туралы жоспар ұсынылды. Биыл сыртқы порталды құру арқылы мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесі толық цифрландырылады. Ал 2023 жылы басқа да кадрлық үдерістер, атап айтқанда, ротация, тағылымдама, біліктілікті арттыру және басқа да қызметтер автоматтандырылады. Кездесу барысында Президент мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру, меритократия қағидатын дамыту және адамға бағдарланған, сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөнінде тапсырмалар берді. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу