Ресей армиясы «Азовстальға» қайта соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей армиясы «Азовстальға» қайта соққы берді

03.05.2022

Ресей әскері Украинаның Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытына қайтадан соққы беріп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 11 шаршы шақырым аумақты алып жатқан зауыттың ішінде Украина армиясының 2 мыңдай жауынгері мен жүздеген бейбіт тұрғын бекінген.

Бірер күн бұрын өнеркәсіп кешенінен Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызыл крестің көмегімен ондаған адам эвакуацияланды.

Ресей қарулы күштері бұл қаланы ақпанның соңынан бері қоршауда ұстап, оны бірнеше апта бойы бомбалады. Бүгінде басым бөлігі қираған қаланының Мәскеу үшін стратегиялық маңызы зор. Өйткені, Ресей оны алса, Қырым түбегімен арада құрлықтық жол ашылайын деп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу