«Алматы көктемі» деп аталған бағдарламада түрлі этномәдени бірлестік өкілдері әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі.
Шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев қатысып, ізгі мерекемен құттықтап өтті.
Өз кезегінде концертке қатысушылар әр этностың салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін дамытуға қолдау көрсеткен Қазақстанға шексіз ризашылығын жеткізді.
Шара аясында суретшілердің таңдаулы еңбектері қойылған көрме ұйымдастырылды.