Елдің қарыштап дамуы, халықтың бақуатты өмір сүруіне Ата Заңда кепілдік берілген. Конституцияға енгізілетін өзгерістер елдің болашағын айқындайды. Сондықтан, тұтас Қазақстан үшін маңызды саяси қадамға әр азамат өз үлесін қосуы міндет, дейді қоғам өкілдері.
Ел тұрғындары референдум өтуін қолдайды. Демократиялық қоғам қалыптастыруда Қазақстан азаматтарының ой-пікірі, дауысы өте маңызды. Яғни, еліміздің әр азаматы өз болашағын өзі айқындауға құқылы. Сондықтан Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халық таразылап, дауыс беру арқылы азаматтық позициясын білдіре алады дейді көпшілік.