Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Президенттің қарауына енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Президенттің қарауына енгізілді

29.04.2022

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Президенттің қарауына енгізілді. Жобаны дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде жария тыңдаулар өтті. Сондай-ақ, Республикалық ономастика комиссиясының отырысы болып, жаңа облыстарға атау беру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Ауылдық жерлерде де тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріліп, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары айқындалды.  

Хабарламаларға жазылу