Қазақстандағы банк секторының елеулі капитал қоры бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы банк секторының елеулі капитал қоры бар

29.04.2022

Қазақстандағы банк секторының елеулі капитал қоры бар. Бұл теріс факторларға қарамастан банктерге тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Алан Пиюдің онлайн кездесуінде айтылды. Мәселен, осы жылдың басынан бері банктердің жиынтық активтері 148 млрд теңгеге , яғни 37,8 трлн теңгеге дейін өсті. Меншікті капитал 96 млрд теңгеге өсіп, 4,6 трлн теңгеге жетті. Онлайн кездесуде банк секторына қатысты қысқа мерзімді іс-қимыл жоспары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша іске асырылып жатқан жобалар жалғасады. Басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастық нығая түспек.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу