Президент Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

29.04.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшиді қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі талқыланды.Мемлекет басшысы Жапониямен арадағы көпжақты экономикалық байланыстарды күшейтуге ниетті екенін айтты. Бұдан бөлек екі елдің БҰҰ аясындағы табысты ықпалдастығын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Өз кезегінде Ёшимаса Хаяши Жапония Үкіметінің Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестиция салалары бойынша өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға қолдау білдірді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу