Қызылордада Ыбырай Жақаев атындағы еңбек аллеясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Ыбырай Жақаев атындағы еңбек аллеясы ашылды

25.07.2014
Қызылордада Ыбырай Жақаев атындағы еңбек аллеясы ашылды

Қызылордада «Дала академигі» атанған  диқан Ыбырай Жақаев атындағы еңбек аллеясы ашылды.

Аллея төріне Еңбек ерінің мүсіні қойылған. Шараға жиналғандар ақ күріштен «тау тұрғызып», елге тоқшылық сыйлаған азаматтың іскерлігі мен қажырлылығын жастарға үлгі етті.

Өмірін еңбекпен өрген жанның шәкірттері оның  азаматтық бітім-болмысын, қарым-қабілетін айтып берді.

 Бұл - соғыстан кейінгі ауыр жылдарда әр гектардан 171 центнер өнім алып, әлемдік рекорд орнатқан тұлғаға деген құрметтің бір парасы.

Күрішшінің ізін жалғап, Сыр салысын өсірумен айналысатын азаматтар «осылайша, жастарды еңбексүйгіштікке баулимыз», дейді.

Абзал Ералиев, Қазақстанның Еңбек ері:

Дүниеге мың жылда бір келетін осындай тұлғаны дәріптеу, жастарымызға ол кісілердің еңбегін көрсету -  өте үлкен жұмыс.

 

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу