Елде этномедиа оқыту орталығы құрылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев онда аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер арнайы курстан өтуі тиіс деді. Осы орайда ақпарат және қоғамдық даму, білім және ғылым министрліктері мен мемлекеттік басқару акамедмиясы мен Ассамблея хатшылығына және бірқатар құзырлы органдарға жүйелі ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесе жұмыс істеуі керек. Өйткені, екеуінің мақсаты ортақ, мүддесі бір. Бір айдан соң Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Ол қоғамдағы өткір, өзекті мәселелерді шешетін жалпыұлттық, әмбебап диалог алаңына айналуы тиіс. Құрылтайдың құрамына депутаттар, ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері барлық аймақ және бизнес қауымдастықтар өкілдері кіреді. Бұл ауқымды өзгерістерге жастардың белсенділік танытқаны абзал. Кеше тұңғыш рет елде Қазақстан халқы ассамблеясының жастар сессиясы өтті. Ондағы ұсыныстарды мұқият зерделеу қажеттігін айтты Президент.
Асима Нұрбайқызы