Финляндия мен Швеция НАТО-ға жуық арада кіре алады. Мұны осы әскери альянстың бас хатшысы мәлімдеді. «Егер олар өтініш беру туралы шешім қабылдаса, біз бұған қошемет білдіріп, процесті жеделдетуге әзірміз», - дейді Солтүстікатлантикалық одақтың жетекшісі. Ресей болса, Финляндия мен Швеция НАТО-ға өтетін болса, Балтық теңізі жағалауындағы Калининград анклавына ядролық қару мен гипердыбысты зымырандарын орнататынын ескертіп отыр. Столтенбергтің пікірінше, Мәскеудің мұндай мәлімдемелері оның өзге елдердің негізгі құқықтарын құрметтей алмайтынын білдіреді.
Арыстан Рысбек